Перейти к содержимому страницы.

Жұмысқа орналастыру

Бүгінгі таңда педагог мамандығына барар жолда педагогикалық практика – білім алушы үшін ең қиын және жауапты кезеңдердің бірі. Практикадан өту барысында педагогикалық мамандықтар студенттерінің теориялық білімдері педагогикалық әдістемемен үйлеседі, олар өздерінің мамандықтары бойынша анықталған іс-әрекеттерді орындайды. 6В01900 «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін практика базасы Павлодар қаласы мен облыстың арнайы білім беру ұйымдары болып табылады. Тәжірибе білім алушыларға практикалық қызметте өздерінің білімдері мен қалыптасқан кәсіби құзыреттерін көрсетуге және кейіннен жұмысқа орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Жыл сайын логопедия бағыты бойынша арнайы педагогтарға үлкен сұраныс тіркеледі. Арнайы педагогтардың негізгі жұмыс орны: кез-келген деңгейдегі білім беру ұйымдары, әлеуметтік, мәдени және денсаулық сақтау саласының ұйымдары.

Білім алушыларға әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуге, сондай-ақ кәсіби қызметін жоспарлауға және бастауға көмектесу үшін университетте мансап орталығы құрылды.

Мансап орталығы кәсіби практиканы ұйымдастыру, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың мансаптық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға жәрдемдесу, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларымен өзара бірлескен іс-әрекет жасайтын университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мансап орталығы практика базасын таңдауға көмектеседі, жеке траекториялар құрады, цифрлық ортада жұмыс істейді, түлектерін қадағалайды. Мансап орталығы жыл сайын оқу бейіні бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, ЖОО түлектерін бөлуді жүргізеді.

Педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне жұмысқа қабылдану үшін қолында дипломның болуы жеткіліксіз екенін атап өткен жөн. Олар ұлттық біліктілік тестінен өтуге міндетті. Білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурстық негізде жүргізіледі.