Перейти к содержимому страницы.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

22.01.2021

2021 жылы 20 қаңтарда жаратылыстану жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіптік бағдар беру аясында мектеп оқушылары үшін онлайн режимінде «ашық есік күнін» өткізді. Қатысушыларды құттықтау жоғары мектептің деканы Валентина Нурмагамбетовна Алиясованың кіріспе сөзімен басталды. Алғашқы іс-шара «Ұстаз – жанның қалауы» тақырыбында «Teach-in» пікірталас форматында өтті. Пікірталас аясында «Химия» ББ аға оқытушысы Музыка Светлана Геннадьевна осы тақырыпта презентация жасап, студенттермен педагогикалық қызметтің ерекшеліктері туралы сұрақтарды талқылады.  Мадина Ерланқызы «География ғылымы жаһандану жағдайында» атты видео-викторина өткізді, оқушылар Google-нысандарын пайдаланып жауаптарын толтырды, сөйтіп викторинаның жеңімпазы болып 11-сынып оқушысы («География» ББ) Жунусова Аружан анықталды. ББ жетекшісі Гүлбаршын Шариповна мен Қуат Ризахметович «Информатика» білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері мен келешегі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар студенттер мен магистранттар «Ғылымның қызықты әлемі» атты шеберлік сыныбын өткізді, онда студенттер бағдарламалау және 3-өлшемді модельдерді құру ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. «Физика-математика» мамандықтары туралы бейнеролик көрсетіліп, оған Ерсайын Қақабайұлы комментарий жасады. МЖӘ «Биология» ашық есік күнін Instagram платформасында тікелей эфирде жалғастырды. Олар «Өмірдің пайда болуы және оның эволюциясы» интеллектуалды ток-шоуын өткізді, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарды талқылады.

estestvoznanie

estestvoznanie2

estestvoznanie3

">