Перейти к содержимому страницы.

Студенттер үйінде кезекшілік күндері

19 ақпан мен 2 наурыз аралығында Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының оқытушылары Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттер үйінде кезекшілік жұмыстарын жүргізуде.

Осыған орай № 1-ші студенттер үйінде «Шаш сәндеу» тақырыбында шеберлік сағаты  ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ  босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, инабаттылыққа, мейрімділікке, төзімділікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Шара барысында шашқа күнделікті қалай күтім жасау керектігі, шашты сәндеудің түрлі тәсілдерін қолдана білудің қажеттілігі жайлы айтылды.

Аталмыш іс-шараны МДОжТ-21 студенттері ұйымдастырды. Қатысушы студенттер өздерін толғандыратын  сұрақтарын қойып, толымды  жауап алды.

  Шара соныңда студенттер арасында   сайыстар мен ойындар өткізілді. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.