Перейти к содержимому страницы.

"Сенімен болашақ"

9 ақпан күні Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімі және "Сенімен болашақ" Республикалық Ата-аналар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен "Ақсу қаласы №2 ЖОББМ"-де Ата-аналармен кездесу форумы өткізілді.

Форумға университетімізден Педагогика жоғары мектебі "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының оқытушысы Рахимжанова А.Б. және Басхан Ж.Д. қонақ ретінде қатысты.

Кездесу барысында мына мәселелер талқыланды:
- Инновациялық технологиялардың дамыған заманында баланың рухани жан дүниесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасау;
- Ата-ана мен бала арасында тығыз байланыс орнату және балаға жиі психологиялық қолдау көрсету маңыздылығы;
- бала тәрбиесіне кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын қарастыру;
- жасөспірімдер арасында орын алатын суицидтік әрекеттердің алдын-алу және баланы жарқын болашаққа бағдарлау.

Қарастырылған мәселелер бойынша педагог-психолог мамандарымыз сөз сөйледі. Кәсіби бағыттау жұмыстарын жүргізді.