Перейти к содержимому страницы.

Ректор блогы

Қымбатты достар !

Мен жеке блогымда сіздерді құптап қуанышпен қарсы алуға дайынмын!

rector

60 жылдық тарихы бар Павлодар педагогикалық университетi еліміздегі педагогикалық білім беретін жетекші оқу орындарының бірі. Бұл – ППУ-да еңбек еткен адамдар үшін бүтін бір кезең. Біз отандық жоғары мектептің қалыптасқан дәстүрін сақтай отыра, білім беру саласының озық үрдістеріне ілесіп, белсенді даму үстіндеміз.

Павлодар педагогикалық университеті  заманауи үрдістерге сәйкес тұрақты және дамушы жоғары оқу орны ретінде өзін көрсете білді.

2016 жылы Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінде үшінші орынға ие болып, 10 үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді.

2017 және 2018 жылдары Павлодар педагогикалық университеті осы рейтингіде екінші орынға ие болып, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық орнын сақтап қалды. 2012 жылы ЖОО «EUROPEAN QUALITY» халықаралық марапатын иеленді. Университет Германия және  Қазақстанның тәуелсіз аккредиттеу агенттіктерінің барлық білім беру бағдарламалары бойынша институционалды және мамандандырылған аккредиттеуінен өтті.

2020 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламасы рейтингісінде университеттің 6 білім беру бағдарламасы алдыңғы орынды иеленді. ППУ трансшекаралық білімді дамыту бойынша Қазақстан мен Ресейдің педагогикалық жоғары оқу орны Қауымдастықтарының құрылуына бастамашы болып табылады және Азия университеттерінің Қауымдастығына кіреді. Біздің серіктестер – Ұлыбритания, Литва, Түркия, АҚШ, ҚХР, Польша, Венгрия, Болгария, Германия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік университеттері.

Павлодар педагогикалық университетiнiң түлектері бүкіл республикада мықты кәсіби мамандар және ұдайы өзіндік білімді жетілдіруге қабілетті   шығармашыл тұлғалар ретінде бүкіл республикаға танымал.

Университеттің сайт парақшасында жоғары оқу орнының қызметі,   профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен ғалымдардың жетістіктері, сондай-ақ қызғылықты шаралар мен жобалар жөніндегі өте маңызды және жедел ақпараттарды  сіздерге жеткізуге тырысамыз.  

Ректор блогы – әрбір адамға Павлодар педагогикалық университетіне қатысты  өз ойлары мен ұсыныстарын айтуға мол мүмкіндік беретін өте интербелсенді алаң. Сонымен қатар, блокта педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты мәнді ойларыңызбен бөлісіп, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтар қоюға болады.  

Құрметпен,
Павлодар педагогикалық университеті
басқарма төрағасы – ректор
Жанбол Жилбаев