Перейти к содержимому страницы.

ППУ студенті физика пәні бойынша Республикалық олипиадада 1 орынға ие болды

15.04.2021

2021 жылдың 12-сәуірінде Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде 5В011000-«Физика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің XIII Республикалық пәндік олимпиадасы болды. Карантин жағдайында олимпиада «прокторинг» және «zoom» форматтарын пайдалана отырып, қашықтықтан өткізілді.

Олимпиадаға Павлодар педагогикалық университетінен келесі құрамдағы команда қатысты: Ф-41 тобының студенті Тоқтаубекова Айдана, Ф-42 тобының студенттері Боднарчук Татьяна және Ткалич Ефим. Команда жектекшісі Жаратылыстану жоғары мектебінің доценті, PhD Асылбаев Руслан Намысұлы.

Олимпиаданың екі туры нәтижесінде Ф-42 тобының студенті Боднарчук Татьяна топ жарып бірінші орынды иеленді.

Татьянаны жеңісімен құттықтап, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.

pyzyka

">