Перейти к содержимому страницы.

ППУ МАГИСТРАНТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

21.01.2021

В.М. Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінде өткен «Ғылымнан тәжірибеге» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылған Халықаралық конкурсының қорытындысы мәлім болды.  

Халықаралық байқауға Павлодар педагогикалық университетінен «Педагогикалық өлшеу» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Валерия Сироткина қатысқан болатын. Конкурсқа педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Вера Константиновна Омарованың жетекшілігімен жазылған «Жоғары сынып оқушыларының тұлғалық анықтамасын қалыптастыру» жұмысы ұсынылды. Байқау нәтижесінде, магистрант В.Сироткинаның ғылыми жобасы педагогика бағытындағы үздік жұмыс болып танылып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жұмысқа жетекшілік етіп, халықаралық байқау жеңімпазын дайындауға еңбек сіңірген В.К. Омароваға ұйымдастырушылар ерекше алғыстарын білдірді.   

Халықаралық байқау өткен жылдың желтоқсан айының соңында өткенін айта кеткен жөн. Оған Беларусь Республикасынан, Ресей және Қазақстаннан география, биология, экология, математика, химия, жерге орналастыру, туризм, экономика, менеджмент, педагогика бағыттары бойынша 100-ден астам ғылыми жұмыстар жіберілген.

Sirotkina

">