Перейти к содержимому страницы.

ППУ ҰЖЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

13.01.2021

Павлодар педагогикалық университетінде Басқарма төрағасы – ректор Ж.Жилбаевтың қатысуымен университет қызметкерлерінің жалпы онлайн отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде 2021-2023 жылдарға арналған басшылық пен университет қызметкерлері арасында Ұжымдық шарт жасасу, сондай-ақ жаңа Ғылыми кеңестің мүшелерін сайлау мәселесі талқыланды.

sobranie

2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт жобасын ППУ-дың кәсіподақ кеңесінің төрағасы Р.Жаева таныстырды.

- Соңғы Ұжымдық келісімшарт 2018 жылы жасалған болатын. Бүгін біз Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, өзгертулер енгізген жаңа құжатты ұсынып отырмыз. Жаңа Ұжымдық келісімшартты жасау барысында алдыңғы ұжымдық шарт негізге алынды, сондай-ақ ППУ-дың жаңа статустық мәртебесі, ҚР жаңа Еңбек кодексі және «Педагог мәртебесі туралы» Заңы ескеріле отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

          Өз сөзінде кәсіподақ кеңесінің төрағасы Роза Жаева Ұжымдық шартқа енгізілген негізгі өзгертулер мен толықтырулар туралы баяндады. Баяндама мазмұнында еңбек қатынастары, жалақы мәселесі, жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау туралы біршама өзгерістер бар. Соның ішінде «Кепілдіктер, өтемақылар және төлемдер» бөлімін бөліп айтқан жөн. Келісімшарттың жаңа талаптарына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерге баланың туылуына, неке қиюына, емделуіне және қызметкердің ота жасатуына материалдық көмек көрсетуге құқылы. Еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті, ауыр жұмыс істегені үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа құқығы бар қызметкерлердің тізімі кеңейтілді. Сондай-ақ, жаңа Ұжымдық шартта жас мамандарды әлеуметтік қолдау, олардың біліктілігін арттыру мәселесі қарастырылған.

2021-2023 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт дауыс беру арқылы бекітілді.

sobranie1

Күн тәртібіндегі екінші маңызды мәселе Ғылыми кеңестің жаңа құрамын сайлау болды. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Смайлов С.Ш.-А. Павлодар педагогикалық университетінің Ғылыми кеңес құрамын сайлау туралы Ережесінің негізгі тұстарын атап өтті. Бекітілген Ережеге сәйкес Ғылыми кеңестің құрамы үш жылдық мерзімге сайланады. Ғылыми кеңесті Басқарма төрағасы – ректор басқарады. Оның құрамына: проректорлар, жоғары мектеп декандары, М. Қанапиянов атындағы ППУ жоғары колледжінің директоры, білім беру бағдарламалары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, университеттің студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.  

Жасырын дауыс беру арқылы 27 адамнан тұратын Ғылыми кеңестің жаңа құрамы сайланды. Жуыр арада жаңа Ғылыми кеңестің бірінші отырысы өтпек.

sobranie2

sobranie3

sobranie4

                                                                                                                                                            ППУ баспасөз қызметі

">