Перейти к содержимому страницы.

ППУ ҚР БҒМ ЖОО-НЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІНДЕ

08.01.2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін жасады. Рейтинг жасау кезінде түлектердің жұмысқа орналасуы мен мансаптық болашағы, орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларының сапасы және студенттердің жетістіктері, халықаралық қатынастар көрсеткіштері ескерілді.

«Атамекен» АЭС рейтингіне сәйкес, Павлодар педагогикалық университетінің 11 білім беру бағдарламасы жоғары сараптамалық бағаға ие болды және ішкі еңбек нарығында ең сұранысқа ие мамандықтар тізіміне енгізілді.

 

•        «Арнайы педагогика бойынша мамандар даярлау: Дефектология» – 2 орын
•        «Көркемөнер және сызу мұғалімдерін даярлау: Кәсіби оқыту» – 3 орын
•        «Көркемөнер және сызу мұғалімдерін даярлау: Бейнелеу өнері және  сызу» – 4 орын 
•        «Биология» (білім) – 9 орын
•        «Информатика» (білім) – 10 орын 
•        «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» – 10 орын
•        «Биология» (жаратылыстану ғылымдары) – 11 орын
•        «Қазақ тілі мен әдебиеті» – 13 орын
•        «Педагогика және психология» – 16 орын 
•        «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» – 16 орын
•        «Шет тілі: екі шет тілі» – 20 орын. 

ppu

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингіне ППУ-дың қатысуы университеттің одан әрі дамуының әлеуеті, ресурстары мен басымдықтары туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар талапкерлер үшін оқу орнын таңдаудың негізгі факторы болып табылатын және ата-аналарға, жұмыс берушілерге және қоғамға деген үлкен сенімнің белгісі болып табылатын білім беру мекемесінің беделі мен танылуын арттыруға көмектеседі.

Ақпарат atameken.kz сайты бойынша жасалды.

 

">