Перейти к содержимому страницы.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

11.01.2021

16 қараша мен 25 желтоқсан аралығында Павлодар қаласының №19, №34 Жалпы орта білім беру мектептерінде Мұсахан Қанапияұлы жоғары колледжінің студенттері кәсіби іс-тәжірибен өтті.   

Практика барысында студенттер жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, ZOOM платформасында онлайн сабақтар өткізді. Машықкерлер алдын-ала пән мұғалімдерінің және бір-бірінің дайындаған сабақтарына қатысып, оған анализ жүргізіп, ішінара іс-тәжірибелерімен алмасты. Сондай-ақ әр сабақты жоспарлау, оған бағдарлама жазу, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындау, балаларды бақылау, сыныптан тыс іс-шаралар өткізу сияқты жұмыстармен айналысты. Жас практиканттар  сабақ беру үрдісінде барлық әдіс-тәсілдерді қолданды, оқушылардың танымдық  қабілеттерін дамыту бағытында ауызша жаттығулармен қатар, ойын элементтері де  келтірілді.

Практика  қашықтан оқыту форматында өткізілсе де, машықкерлер мұғалімдерімен педагогикалық тұрғыдан қарым-қатынас орната білді. Мұғалімдердің берген тапсырмаларын дер кезінде орындап, өздерінің жауапкершіліктерін көрсетті. Машықкерлер өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді.

praktika

gtgthryh

Баспасөз қызметі

 
">