«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы
Педагогика жоғары мектебі «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасын үш деңгейде жүзеге асырады: бакалавриат, магистратура, докторантура.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы ҚР МББС, Педагогтің кәсіби стандарты, Ұлттық біліктілік шеңбері, Дублиндік дескрипторлармен және Еуропалық біліктілік шеңберімен сәйкес әзірленді.
Білім алушылар оқу кезеңінде келесі кәсіби мамандандыру пәндерді игереді: әлеуметтік психология, педагогикалық психология, тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы, тұлғаны психологиялық-педагогикалық түзету, педагогика тарихы, психология және өзін-өзі тану, практикалық психология, конфликтология, білім берудегі психологиялық қызмет, әлеуметтік-психологиялық тренинг, мекемедегі психолог, эксперименталды психология бойынша практикум, дифференциалды психология, экстремалды психология. Жоғарыда аталған пәндерді оқу нәтижесінде білім алушыларда білім беру ұйымдарында педагог-психолог жұмысын ұйымдастыруға қажетті арнайы және кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ПОҚ жыл сайын әр түрлі семинарларда, курстарда біліктіліктерін арттырады, облыстық, республикалық, халықаралық және шетелдік конференцияларға белсенді қатысады, Ғылыми білім беруді бақылау комитеті ұсынған журналдарда және импакт-факторы бар халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланады.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы қаланың және облыстың мектептерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, КММ- қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығымен, КММ қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығымен, КММ «конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығымен», «САМАЛ» оңалту орталығымен, «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» РМӨ ШЖМ филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
«Педагогика және психология» бойынша білім беру бағдарламасы Тәуелсіз аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау агенттігімен ARQA 30.05.2019 жылдан – 29.05.2024 жыл аралығында 5 жыл мерзімге аккредиттелген.
Білім беру бағдарламасының білім алушылары жыл сайын республикалық олимпиадаларға қатысады және жүлделі орындарға ие болады, академиялық ұтқырлық шеңберінде алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен алмасады.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы перспективасы Павлодар облысының мектептерімен байланысты одан әрі дамытумен байланысты; түлектерге заманауи білім беру жүйесінің жұмысына қажетті құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік беретін жаңа пәндерді енгізу.
Педагогика жоғары мектебінде практикалық психология орталығы мен эксперименталды психология және психодиагностика зертханасы жұмыс істейді, онда студенттер психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізеді, жеке тұлғаны өсіру тренингтерін өткізеді және психологиялық кеңес беру дағдыларын үйренеді.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының түлектері білім беру мекемелерінде педагог - психолог болып жұмыс істей алады.