Павлодар педагогикалық университеті Жастар бастамаларын дамыту орталығымен ынтымақтастыққа дайын
2022 жылдың 15 ақпанында ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Б.С. Есенгельдин, ғылыми зерттеулерді қолдау департаментінің директоры Г. А. Сүлейменова және Педагогика жоғары мектебінің ғылым және интернационалдандыру жөніндегі вице-деканы А. К. Мырзатаева Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында басшының міндетін атқарушы Б. У. Жансейітов орталықтың жұмыс барысымен таныстырып, жұмыстың негізгі бағыттарын,соның ішінде: жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, заңгерлік кеңес, жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу жұмысы атап өтілді. Студенттік бастамаларды, білім алушылардың жобалық құзыреттерін қолдау және дамыту жүйесін қалыптастыру мақсатында одан әрі ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамыту кездесудің түпкі мақсаты. ЖОО ғалымдары мен ЖБДО өкілдері ынтымақтастық аясында бірлескен әлеуметтік-маңызды іс-шараларды өткізу идеяларымен алмасып, болашаққа қатысты ойларымен бөлісті.