Перейти к содержимому страницы.

Марғұлан орталығының көрмесі ұйымдастырылды

16.04.2021

Студенттік ғылымның онкүндігі аясында археолог ғалымдардың соңғы жылдардағы ашқан жаңалықтары ұсынылған «Margulan Сentre»   археологиялық орталығының көрмесі өтті. Мұнда «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеулерді көруге болады.

Зертхана меңгерушілері студенттерге өздерінің қызықты зерттеулері, археологиялық жаңалықтары, археологияда қолданылатын жаңа әзірлемелер мен технологиялары туралы айтып берді. Көрмеде археологиялық томография, ежелгі қорымдардың рентгенографиясы бойынша материалдар ұсынылған.  Археологиялық орындарды зерттеуде қолданылатын жаңа технологиялар экспозициясы студенттерді қатты қызықтырды. Бұл пилотсыз ұшу аппараттары, металл іздегіштер, геородарлар.

- «Біздің студенттердің, болашақ тарихшылардың, археологтардың, этнографтардың сандық технологияларды меңгеруі өте маңызды», - деді   «Margulan Сentre» археологиялық орталығының директоры Тимур Смағұлов.

vystavka

vystavka2

vystavka3

vystavka4

vystavka5

vystavka6

vystavka7

vystavka7

vystava8

">