«Құқық, тарих және кәсіпкерлік» білім білім беру бағдарламасы
Мектеп бітіруші түлектерге арналған білім бағдарламасының инновациялық презентациясы
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің «Құқық тарих және кәсіпкерлік» білім бағдарламасының оқытушылары Павлодар облысының Шарбақты, Ақтоғай, және Баянауыл аудандарында, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.
Шарбақты ауданында ББ жетекшісі, профессор Алпысбай Н.А. және профессор Ахметов.А.С. «Құқық тарих, және кәсіпкерлік» инновациялық білім бағдарламасын таныстырып мұғалім мамандығын таңдаудың, педагог статусының деңгейінің артықшылықтарын түсіндірді. Оқушыларды білім бағдарламасының үш бағытты қамтитындығы, және оқытушы мен студенттердің белсенді ғылыми жұмыс жүргізуі қызықтырды.
Актогай ауданында мектеп бітіруші түлектер және сынып жетекшілерінің кездесуі өтті. Өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы Иксатова С.Т. оқушыларды жоғары оқу орнымыздың тарихымен, білім беру бағдарламаларымен және оқу жағдайларымен таныстырды.
Баянауыл ауданының түлектерімен оқытушылар Рамазан Б.Р. және Ахметшарипова А.М. кездесіп университет туралы, жатақхана, және академиялық ұтқырлық туралы ақпараттармен бөлісті.
Жыл сайын «Құқық, тарих және кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасының оқытушылары Павлодар облысынан да басқа жерлерге барып кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізеді, осы оқу жылында доцент Жасарова Р.А. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына барып осы жұмысты бастады. Оқушыларға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті туралы, университеттің жаңа білім бағдарламалары туралы, мұғалім мамандығын таңдаудың артықшылықтары туралы сұрақтар қызықтырды.
«Құқық және экономика негіздері», «Білім берудегі кәсіпкерлік» білім беру бағдарламаларын меңгеру процесінде жалпы білім беру, әдістемелік, бейіндік циклдердің пәндері оқытылады. Барлық оқытылатын пәндер білім берудегі құқық және кәсіпкерлік негіздері бойынша мектеп бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен байланысты, білікті, заманауи мұғалімді дайындау үшін қызмет етеді.
Білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттері халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, пәндік олимпиадаларға үнемі қатысады. «Құқық және экономика негіздері» ББ бойынша білім алушылар жыл сайын пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады.
Сонымен қатар, Өнер және спорт жоғары мектебі жыл сайын ППУ базасында ғылыми конференциялар ұйымдастырады. 2019-2020 жылдары ППУ профессоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, Павлодар облысының Құрметті азаматы Зағупаров Қабиден Фаткулинұлының 85 жылдығына арналған «Жаһандану жағдайындағы гуманитарлық білімнің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
«Құқық және экономика негіздері», «Білім берудегі кәсіпкерлік» білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды іске асыратын өнер және спорт жоғары мектебі Павлодар қаласының және Павлодар облысының білім беру ұйымдарымен және мектептерімен, сондай-ақ Қазақстанның жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды. Мектептермен ынтымақтастық орта білім беруде болып жатқан өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері мен мұғалімдері білім беру бағдарламаларының элективті пәндерінің каталогтарын талқылауға қатысады. Бұл қазіргі мектепте жұмыс істеу үшін қажет пәндерді каталогтарға енгізуге мүмкіндік береді. Тәжірибе алмасу мақсатында жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық ББ оқытушылары мен студенттерінің ғылыми дамуына мүмкіндік береді. Ынтымақтастық орнатылған ЖОО арасында Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Түмен индустриялық университеті (Тюмень қ., Ресей), Падеборн университеті (Германия, Гамбург), сондай-ақ Тракия университетінің (Болгария) тәжірибесі зерделенуде.
«Құқық және экономика негіздері», «Білім берудегі кәсіпкерлік» ББ перспективалары Павлодар қаласы және Павлодар облысының мектептерімен байланыстарды одан әрі дамытуға; ББ-ға түлектерге қазіргі заманғы мектепте жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерді иеленуге мүмкіндік беретін жаңа пәндерді енгізуге байланысты. «Құқық және экономика негіздері» ББ бірнеше рет ББ ұлттық рейтингтерінде жоғары орындарға ие болды.
ББ түлектері келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады: - Білім беру қызметі - Құқық және экономика негіздері - Білім берудегі кәсіпкерлік - Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеу.