«География» және «Химия» білім бағдарламалары
Қазіргі уақытта бес білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады: "География", "Химия", "География-Тарих", "Химия-Биология" және "Жаратылыстану". Магистратура және докторантура деңгейінде "Химия" білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізіледі.
Білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты - жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мұғалімді даярлау.
"География", "География-Тарих" білім беру бағдарламалары аясында келесі арнайы пәндер оқытылады: жалпы жертану, картография геоинформатика негіздерімен, физикалық география, географиялық зерттеу әдістері, географияны оқыту әдістемесі, елтану, экономикалық география және т.б..
"Химия", "Химия-Биология" білім беру бағдарламалары аясында келесі арнайы пәндер оқытылады: химиялық құрылым және функциялар, периодтық жүйе элементтерінің химиясы, химиялық аналитика және диагностика, химиялық есептерді шешу, мектептегі химиялық экспериментті өткізу әдістемесі, химиялық технология және т.б..
Барлық оқытылатын пәндер білікті, заманауи мұғалімді даярлау үшін химия, география, биология, жаратылыстану және тарих пәндерінен мектеп бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен байланысты.
ББ оқытушылары мен студенттері халықаралық, аймақтық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға үздіксіз қатысуда, олардың мысалы ретінде келесілерді қарастыруға болады:
- VII Ресейлік ғылыми-практикалық конференция "География ғылымы, туризм және білім беру: қазіргі заманғы мәселелері мен даму болашағы", Новосибирск қаласы.
- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция "Білім беру кеңістігіндегі инновациялар: тәжірибе, проблемалар, перспективалар" Красноярск қаласы.
- Ғалым-педагог Зәуреш Убайдуллақызы Имжарованың 60 жылдығына арналған "Педагогикалық инновациялар: заманауи білім беру жүйесін дамыту ресурсы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция "Жаһандану жағдайындағы ғылым мен білімнің даму тенденциялары мен перспективалары". Переяславль-Хмельницкий, Украина.
- "Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
- "Ертіс бассейні: қазіргі жағдайы және орнықты даму мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
- "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жаратылыстану-ғылыми білімнің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
- "Аумақты ұйымдастыру: статистика, динамика, басқару" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
- ІХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция "Экология және табиғатты пайдалану: қолданбалы аспектілер".
- "XVII Сәтбаев оқулары" атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
- "Қазіргі географиялық білім: даму мәселелері мен болашағы" атты VI Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция.
- "Беларусь Республикасы мен шектес мемлекеттердің тұрақты даму тұжырымдамасындағы Жер туралы ғылымдардың өзекті мәселелері" V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Гомель, Беларусь.
Білім беру бағдарламаларының басым қызметінің бірі жақын және алыс шетелдердің ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Білім беру бағдарламалары аясында келесі ұйымдармен ынтымақтастық орнатылды:
- Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
- М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті. (РФ, Уфа қ.);
- University of Kragujevac (Сербия, Крагуевац қаласы);
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті;
- Торайғыров университеті;
- Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті;
- Павлодар қаласы мен облысының жалпы білім беретін мектептері.
ББ түлектері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық үлгідегі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істей алады.