Перейти к содержимому страницы.

"Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» мамандығы бойынша бакалавриаттық БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. 1.     Бағдарлама мазмұны 

Бағдарлама сипаты. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавриаттық Білім беру бағдарламасы – «6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» және «6В01740– Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» бағытында Қазақстан мектептеріне Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау үшін педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және тіл ғылымы мен әдебиеттану саласы бойынша жоғары біліктілікке негізделген ғылыми теориялық, ғылыми әдістемелік, ғылыми педагогикалық пәндер кешенінен құрастырылған, ҚР-сы БжҒМ-мен бекітілген, мемлекеттік тіркемеге түскен, Педагогтік жоғары оқу орнында ресми оқыту құжаты.

Негізгі мақсаты – мамандықты игерту үшін бастапқы жоғары білікті білім негіздерін беріп, толыққанды маман құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына қатысты БББ-ның ғылыми теориялық, ғылыми әдістемелік, ғылыми педагогикалық білімдік пән кешенін түбегейлі оқытып, игерту;
  • Мамандыққа қатысты теориялық, тәжірибелік білім нәтижелерін қолдана алу құзіреттіліктерін қалыптастыру;
  • Тәжірибелік дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру; дамыту;
  • Заманына сай білімдерін жетілдіру құзіреттілігіне үйрету;

БББ бойынша тәжірибелік дағдыдан өту орны. Аталған мамандықтар бойынша БББ-сы негізінде білім алушылар Павлодар қаласы Абай ат. дарынды балаларға арналған гимназия мектебінде, Ы.Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында, 35-мектепте ЖОО-ның бектілген бұйрығымен және аталған мектептермен жасалған өзара келісімшарт бойынша педагогтік дағдыларын қалыптастыру үшін педагогтік, әдістемелік тәжірибеден өтеді. Педагогтік тәжірибелік дағдыны қалыптастыру арнайы бектілген оқу жоспары бойынша кезеңмен екінші курстан бастап соңғы курсқа дейінгі аралықта жүргізіледі.

 

  1. 2.     Бітірушініңкәсіби бейнелік тұлғасы 

1.«6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын игерген Білім алушының бейнелік тұлғасы:

Аталған мамандықты игерген бакалавриаттар:

Қазақ мектебінде, колледжде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі;

Педагог тілші

Педагог әдебиетші;

Аудармашы;

Тілші (редактор, журналист);

Іс қағаздарын жүргізуші;

 Мемлекеттік тіл маманы;

Маман хатшы ретінде қызмет атқара алады.

2.«6В01740– Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын игерген Білім алушының бейнелік тұлғасы:

Аталған мамандықты игерген бакалавриаттар:

Әдіскер тілші;

Әдіскер әдебиетші;

Редактор;

Құжаттар тілін жүргізу;

Аудармашы

Іс қағаздарын жүргізуші;

Мемлекеттік тіл маманы;

Маман хатшы ретінде қызмет атқара алады.

 

3. Білім жалғастыру 

«6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» және «6В01740– Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойыншабакалавриаттық Білім беру бағдарламасын толық игерген бітірушілер 3 жыл мұғалімдік қызметті атқарғаннан кейін немесе бітіргеннен кейін бірден «7М01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми және педагогикалық бағытта магистратураға түсе алады.

 

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» мамандығы бойынша Магистратуралық БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. 1.     Бағдарлама мазмұны

Бағдарлама сипаты. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратуралық Білім беру бағдарламасы – «7М01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми және педагогикалық бағытында Қазақстан мектептеріне жоғары біліктіліктегі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін(оқытушыларын) даярлау үшін әдістемелік, тіл ғылымы мен әдебиеттану бойынша ғылыми жоғары біліктілікке негізделген пәндер жиынтығынан тұратын, ҚР-сы БжҒМ-мен бекітілген, мемлекеттік тіркемеге түскен, Педагогтік жоғары оқу орнында ғылыми ресми оқыту құжаты.

Негізгі мақсаты: «7М01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дайындайтын білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандар даярлау.

-        Міндеттері: Қазақ тілі мен әдебиеті бағытындағы жан-жақты дамыған маман тұлғасын тәрбиелеп, қалыптастыру негіздерін көрсету;

-        педагогика ғылымдарының магистрінің сапалы кәсіби дайындығы негіздерін игерту;

-        жоғарғы оқу орындарында сабақ беру, басқару және зерттеу қызметінің негіздерін үйрету;

-        Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы жаңа парадигмаларды игерту;

-        Тіл/әдебиет бағытындағы зерттеулердің әдіснамалық жүйесі мен әдістемелік тәсілдерін үйрету;

-        Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыра білу;

-        Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты құзыреттіліктерді игерту;

-        Тіл ғылымындағы түрлі бағыттардың интеграциясын білу;

-        Тілдік зерттеудің жаңа нысандармен таныстыру.

 

  1. 2.     Бітірушінің кәсіби бейнелік тұлғасы

«7М01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистрант

Қазақ мектебінде, колледжде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жоғары білікті мұғалім;

Тіл білімі маманы

Әдебиеттану маманыболады.

 

  1. 3.     ғылыми Білім алу

«7М01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми және педагогикалық бағыттағы бітіруші магистранттар осы бойынша мұғалімдік қызметті атқарғаннан кейін немесе магистратураны бітіргеннен кейін бірден «8D01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми және педагогикалық бағытта, сондай-ақ филология, әдебиеттану және лингвистика мамандықтарына докторантураға түсе алады.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

8D01710 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

 

     1.3 Білім беру бағдарламасының мақсаты

      «8D01710– Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторын (PhD) дайындайтын білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандар даярлау.

          Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер:

-           қазақ филологиясы бағытындағы жан-жақты дамыған маман тұлғасын тәрбиелеп,қалыптастыру негіздерін көрсету;

-           философия докторының (PhD) сапалы кәсіби дайындығы негіздерін игерту;

-           жоғарғы оқу орындарында сабақ беру, басқару және зерттеу қызметінің негіздерін үйрету;

-           филология саласындағы жаңа парадигмаларды игерту;

-           филологиялық зерттеулердің әдіснамалық жүйесі мен әдістемелік тәсілдерін үйрету;

-           қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өзбетінше жүзеге асыра білу;

-           филологияның қолданбалы аспектісіне қатысты құзыреттіліктерге игерту;

-           филология ғылымындағы түрлі бағыттардың интеграциясын білу;

-           филологиялық зерттеудің жаңа нысандармен таныстыру.

 

2 Бітірушінің біліктілік сипаты

2.1Кәсіби қызмет саласы

Білім алушы докторант игерген кәсіби қызметін білім беру саласында 8D01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті БББ бойынша жүзеге асырады.

 

2.2 Кәсіби қызметінің нысандары. 8D01710– Қазақ тілі мен әдебиеті БББ бойынша философия докторының (PhD) кәсіби қызметінің нысандары:

- білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлері;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

- жоғары оқу орындары;

- ғылыми-зерттеу институттары;

- білім беру саласындағы өкілетті және жергілікті атқарушы

органдар;

- бұқаралық ақпарат құралдары: радио, телевидение, баспасөз

  2.3 Кәсібиқызметмәні

8D01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті БББ бойынша докторанттың кәсіби қызметінің мәні: ғылыми-зерттеу институттарында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра білетін, өкілетті және жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқаруда инновациялық үдерістерді қолдауын қамтамасыз ететін маман даярлау.

  2.4Кәсіби қызметтүрлері.

8D01710– Қазақ тілі мен әдебиеті БББ бойынша доктаранттың кәсібиқызметтүрлері:

-ғылыми-зерттеушілік;

- ғылыми-педагогикалық;

- ғылыми-ұйымдастырушылық;

- ұйымдастыру-басқарушылық;

- редакциялық-баспа;

- мәдени-ұйымдастырушылық;

- бұқаралық-ақпараттық қызмет;

- оқытушылық;

«6В01711 – Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» білім беру бағдарламасы Бағдарлама мазмұны Жоғары білім беретін «6В01711 – Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» БББ-сы Типтік оқу жоспарына, жоғары білімдендіру (бакалавриат) мамандықтарының оқытылатын классификаторына, педагогтік кәсіби стандартқа, Еуропалық біліктілік аяда келісілген Дублиндік дескрипторға, Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған мазмұнды оқу бағдарламасына (қазақ тілінде) және ППУ-дің академиялық саясатына лайықталып құрастырылды. Берілетін дәреже: «6В01711 –Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу нысаны: күндізгі

Оқу деңгейі: бакалавриат

Білім беру траекториясы: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі/ Аудармашы

Жұмыс істеу мүмкіндіктері: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі / Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі/ Аудармашы/ Тілші/әдебиетші/ Ісқағаздарын жүргізуші және т.б.

БББ бойынша тәжірибелік дағдыдан өту орны. Аталған мамандықтар бойынша БББ негізінде білім алушылар Павлодар қаласының барлық мектептерінде, атап айтқанда Абай ат. дарынды балаларға арналған гимназия мектебінде, Назарбаев зияткерлік мектебінде, Ы.Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында, № 35 ЖОББМ, Бауыржан Момышұлы ат.ЖОББМ, Әлихан Бөкейханов ат.ЖОББМда ЖОО-ның бектілген бұйрығымен және аталған мектептермен жасалған өзара келісімшарт бойынша педагогтік дағдыларын қалыптастыру үшін педагогтік, әдістемелік тәжірибеден өтеді. Педагогтік тәжірибелік дағдыны қалыптастыру арнайы бектілген оқу жоспары бойынша кезеңмен бірінші курстан бастап соңғы курсқа дейінгі аралықта жүргізіледі.