Перейти к содержимому страницы.

«Шет тілдер: екі шет тілдері» білім беру бағдарламасы

6В01730 «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру және жеке қасиеттерді дамыту үшін оқу жұмысы келесі пәндер негізінде жүзеге асырылады:

  • міндетті компонент пәндері: Шет тілі (Сөйлеу және жазу практикасы, A1, A2 деңгейі);
  • ЖОО компонент пәндері: Шет тілдерін оқыту әдістемесі, Ағылшын фонетикасы мен грамматикасының практикалық курсы, Ғылыми-зерттеу қызметі және академиялық жазу негіздері;
  • таңдау бойынша компонент пәндері: Сөйлеу және жазу практикасы, Екінші шет тілі, Ағылшын тілінің фразеологиясы, Ағылшын тілінің практикалық курсы (оқу, сөйлеу), Ағылшын тілінің практикалық курсы (тыңдау, жазу), Іскери тіл, Қоршаған ортаға бағытталған ағылшын тілі, Лингвоелтану, Арнайы кәсіби шет тілі, Негізгі шет тілінің теориясы мен тарихы, Аударма теориясы мен практикасы, Көркем мәтіннің стилистикасы және интерпретациясы, Оқу тілі елінің әдебиеті, Тіл және мәдениетаралық қарымқатынас, Академиялық ағылшын тілі, Стандартталған тестілерге дайындық стратегиялары (TOEFL, IELTS).

БББ профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық мамандықтарының білім алушыларына шет тілін үйретеді.

Білім беру бағдарламасы шет тілдерін меңгеру деңгейі бойынша жалпы еуропалық өлшемге сәйкес пәндерді ағылшын және неміс тілдерінде жүргізуді қамтамасыз етеді.

«Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы АҚШ-тың Бас консулдығының қолдауымен “English Language Fellow Program” шеңберінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен тығыз және жемісті ынтымақтастық жұмыс жасайды.

Бұл бағдарламаның мақсаты - Қазақстан университеттерін ағылшын тілінде оқытатын оқытушылармен қамтамасыз ету. Осы бағдарлама аясында Америка Құрама Штаттарынан келген оқытушылар қазақстандық педагогтармен шет тілін оқыту тәжірибелерімен және әдістемесімен бөліседі. 2019-2020 оқу жылында оқытушы Сьюзан Аррор «Шет тілі: екі шет тілі» БББ-де «English Language Fellow» бағдарламасы бойынша жұмыс жасады. Ол 3-4 курс студенттерімен «Арнайы мақсаттағы тіл С1, С2» пәндерінен, сонымен қатар «Шет тілі бойынша практикалық жұмыс В2» пәндерінен сабақ жүргізді. Студенттермен өткізілген сабақтардан басқа, Сюзан Аррор Speaking Club-та біздің ЖОО-ның басқа білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесулер өткізді.

2020 жылдың 15 мамырында ГҒ ЖМ «Шетел тілі: екі шет тілі» БББ «Көптілді білім берудің және мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Конференцияға Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің ғалымдары, оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы), Сургут мемлекеттік педагогикалық университеті (Сургут, Ресей Федерациясы), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ОҚМУ (Шымкент), Ақтөбе гуманитарлық колледжі.

Конференция жұмысы екі негізгі бағытта жүргізілді:

1) «Филология және мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелері»;

2) «Көптілді білім беру жағдайындағы шет тілдерін оқытудың жаңа тәсілдері».

Конференцияның жұмыс тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері болды.

Конференция нәтижесінде барлық қатысушыларға жарияланымдардың электронды жинағы жіберілді.

Сондай-ақ 2019-2020 жылдары ЕП Шет тілі: екі шет тілі БББ студенттері, магистранттары және оқытушылары ПМПУ, Торайғыров Университеті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты.

Шет тілі: екі шет тілі БББ түлектері келесі бағыттарда жұмыс істей алады:

  • Педагогикалық
  • Филологиялық
  • Аударма
  • Ғылыми-педагогикалық

inyaz1

inyaz2

inyaz3

inyaz3

inyaz3