Перейти к содержимому страницы.

«Информатика» білім бағдарламасы

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламалары

6В01530 – Информатика

6В01532 – Информатика-Физика

6В01533 – Информатика-Математика

7М01531 – Информатика

8D01530 – Информатика

Білім деңгейлері

Бакалавриат:

- жалпы орта білім беру негізінде - күндізгі оқу нысаны, оқу мерзімі 4 жыл;

- кәсіптік білім беру негізінде - күндізгі оқу нысаны, оқу мерзімі 2 жыл;

- жоғары кәсіптік білім негізінде – күндізгі оқу нысаны, оқу мерзімі 2 жыл.

- кәсіптік білім беру негізінде ­­- дуальды оқыту нысаны, оқу мерзімі 2 жыл;

- жоғары кәсіптік білім беру негізінде – дуальды оқыту нысаны, оқу мерзімі 2 жыл.

Магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыт)

- күндізгі оқу нысаны, оқу мерзімі 2 жыл

Докторантура

- күндізгі оқу нысаны, оқу мерзімі 2 жыл

Біліктілік (Квалификация)

6В01530 Информатика білім беру бағдарламасы:

берілетін дәрежесі – 6В01530 Информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры; негізгі біліктілігі – информатика мұғалімі; қосымша біліктілігі робототехника мұғалімі;

6В01532 Информатика-Физика білім беру бағдарламасы:

берілетін дәрежесі – 6В01532 Информатика-Физика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры; негізгі біліктілігі - информатика және физика мұғалімі.

6В01533 Информатика-Математика білім беру бағдарламасы:

берілетін дәрежесі – 6В01533 Информатика-Математика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры; негізгі біліктілігі - информатика және математика мұғалімі;

7М01531 Информатика (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы:

берілетін дәреже – 7М01531 Информатика бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

8D01530 Информатика білім беру бағдарламасы:

8D01530 Информатика білім беру бағдарламасы бойынша философия ғылымдарының докторы

Білім беру бағдарламасының басшысы

Білім беру бағдарламасының басшысы – Ельтинова Раушан Аманжолқызы

E-mail: yeltinova_raushan@ppu.edu.kz

Жұмыс телефоны 8(7182)65-16-27, ішкі 309

ПОҚ туралы жалпы деректер

Профессор-оқытушылар құрамына кіреді ф-м.ғ.к. Сабиров Т.С., т.ғ.к. Асамбаев А.Ж., PhD Кабенов Д.И.,  PhD Мухамедиева К.М., Абыкенова Д.Б., магистрлар Кусманов К.Р., Тайчик Ж.Е., Сайфурова И.О., Бейсенова С.Б., Омар К.Қ.

«Информатика», «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» ББ игеру барысында жалпы білім беру, базалық және бейіндік циклдер пәндері оқытылады. 2020-2021 оқу жылында жүзеге асырылатын курстардың жалпы саны – 20 бакалавриат, 10 магистратура, 5 курс ағылшын тілінде. «Информатика» ББ білім беру деңгейлерінің біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес келетін болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, сондай-ақ нарық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бейіндік пәндер блогы кәсіби құзыреттерді қалыптастыру үшін қажетті ғылыми білім салаларын қамтиды. Модульдердегі пәндер осы мамандықтың ерекшелігін толық көрсетеді және студенттерге кәсіби қызметте білім, білік, дағды алуға мүмкіндік береді.

inf1

«Информатика» ББ ПОҚ ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып, баяндамалар жасайды, Thomson Reuters, Scopus және ЖАК базаларымен индекстелетін ғылыми журналдарда жарияланады. Оқу-әдістемелік құралдар шығарады, электронды оқу құралдары мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлейді, зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер алады.

inf2

«Информатика» ББ оқытушылары Қазақстанда да, шетелде де әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарымен және зертханалармен белсенді ынтымақтасады, бұл ғылыми тағылымдамадан өтуді білдіреді.

«Информатика» ББ-ын іске асыруға шетелдік консультанттарды тарту ББ профессорлық-оқытушылық құрамы келесі шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті:

  • University of Sussex. Брайтон, Ұлыбритания;
  • Информатика және радиоэлектроника Белорусс мемлекеттік университет, Минск, Беларусь Республикасы;
  • Наварра мемлекеттік университет, Памплона, Испания;
  • Братислава экономикалық университеті, Словацкая Республика;
  • National Inter-University Consortium for Telecommunications, Италия.

inf3

В целях реализации основных параметров Болонского процесса в НАО Павлодарского педагогического вуза действует модульно-кредитная система обучения, в ее рамках в университете осуществляется программа академической мобильности. Внешняя академическая мобильность проходила в следующих  зарубежных вузах:

  • Варненский университет менеджмента, Добрич, Болгария;
  • Vytautas Magnus University, Каунас, Литва.

Болон процесінің негізгі параметрлерін іске асыру мақсатында КЕАҚ Павлодар педагогикалық ЖОО модульдік-кредиттік оқыту жүйесі жұмыс істейді, оның шеңберінде университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық келесі шетелдік жоғары оқу орындарында өтті:

  • Варна менеджмент университеті, Добрич, Болгария;
  • Vytautas Magnus University, Каунас, Литва.

«Информатика», «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» ББ болашағы мыналармен байланысты:  

  • ағылшын тіліндегі курстардың ұлғаюымен (біздің студенттердің коммуникативтік және тілдік құзыреттерін кеңейту мақсатында);
  • курстарды жаңғырту және білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыру;
  • ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін тұрақты арттыру;
  • ғылыми қорлар есебінен іске асырылатын ғылыми жобалар санын ұлғайту;
  • РҒДИ / Wos / Scopus деректер базасында индекстелетін жарияланымдар санының ұлғаюымен қамтамасыз етіледі.

«Информатика» ББ ұжымы ғылыми жұмыспен белсенді айналысады, бұған «Информатика» ББ ПОҚ-ның гранттық қаржыландырылатын ғылыми жобаларға белсенді қатысуы дәлел бола алады.

«Информатика» ББ студенттері, магистранттары мен оқытушыларының қарамағына Интернет желісіне қолжетімділігі бар оқу-зерттеу зертханалары ұсынылған, сондай-ақ кафедраның ПОҚ үшін Интернетке шығу мүмкіндігі бар дербес компьютерлер бар. «Информатика» ББ 2 мамандандырылған оқу-зерттеу зертханасы бекітілген: робототехника және компьютерлік жүйелер зертханасы (№5-404), STEM білім беру зертханасы (№1-325). Оқу бөлмелері заманауи оқу жиһаздарымен, компьютерлік техникамен, дәстүрлі және мультимедиялық тақталармен, стендтермен, зертханалық жабдықтармен, көрнекі стендтермен жабдықталған.

 ББ түлектері келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

  • орта мектепте информатика мұғалімі, сондай-ақ колледждерде, орта кәсіптік лицейлерде информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде) және аралас пәндер оқытушысы;
  • жүйелік әкімші;
  • IT саласында бағдарламашы.

inf4