Перейти к содержимому страницы.

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

20.01.2021

ППУ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі облыс мектептерінің оқушылары үшін «Ашық есік күнін» өткізді. Болашақ талапкерлер алдында жоғары мектеп деканы мен білім беру бағдарламаларының басшылары сөз сөйледі.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қ.С. Ерғалиев құттықтау сөз сөйлеп, біздің университет туралы, педагогикалық мамандықтарға түсудің артықшылықтары туралы айтып берді. БББ басшылары Ы.Б.Шакаман, А.Е. Каримова, А.С. Жолдабаева және Г.К. Абзулдинова әр білім беру бағдарламаларына тоқталып, жоғары мектеп мамандықтарының басымдықтары туралы баяндады. Ал тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-декан Н.К. Каршиганов жоғары оқу орнының жастар саясаты, университет клубтары мен белсенділері, секциялары мен жастар ұйымдары, сондай-ақ университет қабырғасында өткізілетін іс-шаралар туралы тоқталды.

Кездесу барысында қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар берілді, сондай-ақ оқушылар үшін "XXI ғасыр көшбасшысы" зияткерлік-танымдық викторинасы өткізілді.

denod

denod2

denod3

">