«Биология» білім бағдарламасы
«Биология» білім бағдарламасы
"Биология" білім беру бағдарламасының мақсаты коммуникативтік-тілдік, ғылыми-зерттеу, басқарушылық, креативті және көшбасшылық қасиеттерге ие биология оқытушысын даярлау болып табылады.
Жыл сайын жаратылыстану жоғары мектебінің қызметкерлері "Жаратылыстану білімінің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырады. Конференцияның мақсаты - мазмұнды-технологиялық жаңару жағдайында жаратылыстану мен жаратылыстану-ғылыми білім берудің теориялық-әдіснамалық, әдістемелік және практикалық негіздерін талқылау.
Ғылыми-зерттеу және академиялық ұтқырлық бойынша алыс және жақын шетел университеттерімен - Витаутас Магнус атындағы университетімен (Каунас, Литва), Томск политехникалық университетімен (Ресей), Кассель университетімен (Германия), Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен (Ресей), Шығыс-Сібір мемлекеттік білім Академиясымен (Иркутск қ., Ресей), Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей) ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Даму басымдығы барлық үдерістерді сапалы ұйымдастыру болып табылады: білім алушыларды жоғары білікті даярлау, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін күшейту және арттыру, жұмыс істеу бағыттарын кеңейту, еңбекті тиімді ұйымдастыру, ПОҚ сапалық құрамын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту.
2020 жылы 6В01550 Биология білім беру бағдарламасының студенті Самекова Русана Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті базасында өткен республикалық олимпиадада 2 орын алды. Сондай-ақ Р.Самекова және И.Гулько құрамында оқытушылар Б.Ж. Баймурзина, Н.П. Корогод жетекшілігімен ППУ командасы жалпыкомандалық 3-орынды иеленді.
5В011300 – Биология мамандығы бойынша республикалық олимпиаданың жеке біріншілігінде 2019 жылы білім беру бағдарламасының білім алушысы Бақытгүл Сапарбекова (Биология бойынша Республикалық олимпиада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында өтті), команда жетекшісі Б.Ж. Баймурзина.
2020 жылдың 6-10 сәуір аралығында 2 курс студенті С.Жұматаева академик М.А. Усовтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Геология мәселелері және жер қойнауын игеру" XXIV Халықаралық ғылыми студенттер мен жас ғалымдар симпозиумына қатысты. С. Жұматаеваның (магистрант М. Климкинамен бірлесіп жазған) "Техногендік жүктеме жағдайында жусан (ARTEMISIA ABSINTHIUM) жер үсті бөлігінің элементтік құрамы" атты жұмысы дипломмен марапатталды. Жетекшісі - б.ғ.к. Корогод Н.П.
2019 оқу жылында жаратылыстану жоғары мектебінің магистранттары Олейник Юлия мен Мамунова Алияға студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауына қатысуға мүмкіндік берілді. Конкурс қорытындысы бойынша б.ғ.к. Денис Васильевич Пономаревтің жетекшілігімен "Биология бойынша 8 сыныпқа арналған жаңартылған білім беру мазмұны аясында зертханалық жұмыстар үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу" жұмысы II дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2020 жылғы 13-17 наурыз аралығында Нұр-Сұлтанда "Бөбек "Жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі Қазақстан ғалымдарының Конгрессімен бірлесіп Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің "Үздік жас ғалым-2020" I халықаралық басылымы аясында "GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA" VІII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, 1 курс магистранты Маркаич Жанна I дәрежелі диплом алды (жетекшісі б.ғ.к. Асылбекова Г.Е.).
"Биология" ББ оқытушысы Г. К. Кабдолова "Жас PhD докторант" үздік докторант номинациясының жеңімпазы, Павлодар облысы бойынша жастар саясаты басқармасының дипломы, 2018 ж.
ББ іске асыру үшін биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығы, функционалдық морфология және гистология, зонд микроскопиясы, "Жануарлар анатомиясы, морфологиясы және экологиясы" оқу-ғылыми зертханалары жұмыс істейді, сондай-ақ, іргелі, қолданбалы биологиялық және экологиялық бағыттар бойынша сапалы ғылыми жұмыс жүргізу үшін барлық жағдай жасалған мұражай кешені.
"Биология" ББ түлектері келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
- білім (орта және жоғары оқу орнының оқытушысы);
- басқарма (білім бөлімдері, әкімдіктер, көгалдандыру, экология жөніндегі ұйымдар және т. б.);
- ғылым (бейіндер бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары: ботаника, зоология, адам анатомиясы, физиология, экология, топырақтану, генетика, молекулалық биология, биотехнология және т.б.).