Перейти к содержимому страницы.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының жетекшісі – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жапарова Баглан Магауовна.

«6B01310 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының негізгі мазмұны мектептерде педагогикалық процесті ұйымдастыруды, оқу-тәрбие процесінің жобаларын әзірлеуді және іске асыруды, бастауыш мектептің мемлекеттік білім беру стандартында көзделген пәндер бойынша жалпы оқу білімін, іскерлігін және дағдыларын және білім жүйесін қалыптастыруды қамтиды.

«6B01310 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының мақсаты біліктілік сипаттамасына сәйкес кәсіби қызметке маман даярлау болып табылады.

Біздің білім беру бағдарламамыздың түлектері білім беру процесін педагогикалық қамтамасыз етуге, білім алушылардың жеке және әлеуметтік дамуына бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін әлеуметтендіруге және қалыптастыруға, білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және игеруге ықпал етеді; жеке тұлғаның құқықтарын қорғауға ықпал етеді; білім беру мекемесінің әлеуметтік саласын үйлестіруге ықпал етеді; оқушылардың, педагог қызметкерлердің және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша шараларды жүзеге асырады; тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлейді; түрлі бейіндегі педагогикалық диагностиканы, қажетті психологиялық-педагогикалық түзетуді жүргізеді; шығармашыл дарынды оқушыларға педагогикалық қолдауды жүзеге асырады.

Практика базалары Павлодар қаласының үздік мектептері (ЖОМ №2, 7, 19, 9, 39, 25, 22, 28 және т. б.).

ББ оқытушылары мен студенттері халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға үнемі қатысады. Сонымен қатар, педагогика Жоғары мектебі жыл сайын ППУ базасында ғылыми конференциялар ұйымдастырады.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ бойынша оқытуды іске асыратын педагогика Жоғары мектебі Павлодар қаласының және Павлодар облысының мектептерімен, сондай-ақ Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды. Мектептермен ынтымақтастық орта білім беруде болып жатқан өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Мектеп директорлары, меңгерушілері және мұғалімдері ББ элективті пәндер каталогын талқылауға қатысады. Бұл Сізге қазіргі бастауыш мектепте жұмыс істеу үшін қажет пәндерді каталогтарға енгізуге мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибе алмасу мақсатына қызмет етеді, ББ оқытушылары мен студенттерінің ғылыми дамуына мүмкіндік береді. «Бастауышт оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ перспективалары Павлодар қаласы және Павлодар облысының мектептерімен байланыстарды одан әрі дамытуға; ББ-ға түлектерге қазіргі заманғы бастауыш мектепте жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерді иеленуге мүмкіндік беретін жаңа пәндерді енгізуге байланысты.

Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы мен «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ арасында жасалған меморандумды іске асыру шеңберінде 1 қыркүйектен бастап ЖОО Павлодар облысында талап етілетін мамандықтар бойынша дуальді оқыту нысаны бойынша болашақ педагогтарды даярлауды жүзеге асыра бастады.

Қазіргі уақытта "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 200-ден астам адам дуальды оқыту нысанында білім алуда.

Бұл жобаның басты мақсаты-білім беру саласында базалық жұмыс дағдылары ғана емес, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісіп, оны жоғары кәсіби деңгейде орындайтын білікті және сауатты түлектерді дайындау.

Қазіргі таңда «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ-да 16 штаттық оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 6 ғылым кандидаты, 7 оқытушы – сарапшы, 3 оқытушы.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ түлектері де «Пәнсіз мамандырылған педагогтарды даярлау» мамандығы бойынша магистратурада білімін жалғастыра алады.

«М003 – Пәнсіз мамандырылған педагогтарды даярлау» магистратурасының білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие, бастауыш мектепте білім берудің әртүрлі модельдерін сауатты ұйымдастыра алатын, бастауыш мектепте білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды мемлекеттік білім беру стандартының талаптары деңгейінде сүйемелдеуді жүзеге асыратын жоғары білікті педагог кадрларды даярлау болып табылады; жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті магистрлердің негізгі және арнайы құзыреттерін қалыптастыру; педагогикалық пәндер саласында жүйелі білімді қалыптастыру және жалпы заңдылықтарды зерделеудің инновациялық технологияларын қолдану.