Перейти к содержимому страницы.

"Атамекен" рейтінгісі бойынша білім беру бағдарламаларының үздік ондығына енді

30.04.2021

2020 жылы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының, оның ішінде "педагогикалық ғылымдар" бағыттары бойынша 16 ББ бойынша рейтингісін өткізді. Рейтингті құрастыру кезінде сарапшылар келесі критерийлер бойынша іріктеу жүргізді: түлектердің жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуі, орташа жалақы, білім беру бағдарламаларының сапасы және оқушылардың жетістіктері және халықаралық байланыстар.

Рейтинг қорытындысы бойынша Павлодар педагогикалық университетінің 6 білім бағдарламасы үздік 10-қа кірді, олардың ішінде "Арнайы педагогика" 17 ББ ішінен 2-орын, "Кәсіптік оқыту" - 14 ББ ішінен 3-орын, "Бейнелеу өнері" 8 ББ ішінде 4-орын, "Информатика" - 25 ББ ішінде 10-орын, "Биология" (білім беру) 28 ББ ішінде 9-орын, "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" - 37 ББ 10-орын.

atameken3

atameken4

">