Перейти к содержимому страницы.

30 жылдыққа - 30 тал

30.04.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Павлодар педагогикалық университеті Республикалық тал егу акциясына қатысты. «30 жылдыққа - 30 тал» ұранымен ұйымдастырылған аталмыш игі шараға университет ұстаздары, студенттер және ардагерлер қатысты. 

Қаламыздың ажарын келтіріп, экологиясына өз үлестерін қосуға келген 100-ге жуық акция қатысушылары ерекше жігермен, көтеріңкі көңіл күймен қайың, терек, қарағай көшеттерін отырғызды. Университет ректоры Жанбол Жилбаев өзі бас болып атсалысқан игі шараның Тұңғыш ұстазға арналған ескерткіш жанындағы саябақта орналасуы да тегін емес еді. 2012-ші жылы университет бастамасымен қойылған бұл ескерткіш - ұстазға деген құрмет, ұстаз мәртебесін көтеру десек, бұл күнде оның мәні тіпті ерекше. Алда Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдық мерейтойы келе жатыр. Ендеше  аймағымыздың білікті де, білімді педагог мамандар дайындайтын ұстаздар ордасында білім алатын әрбір шәкірт осы оқу орнын таңдағанын мақтан етеді, әрі экологиялық маңызы бар іс-шараға қатысып отырғанына риза екенін айтады.

30tal

30tal2

30tal330tal4

Елжан Омарханов: 

"Мен бүгін Павлодар педагогикалық университетінің студенттерімен алғаш рет ағаш отырғыздым. Мен үшін бұл үлкен мақтаныш. Келешекте осы ағаштар үлкен болып өскенде, мен осы саябақпен өтіп бара жатып, балаларыма осы ағашты мен отырғыздым деп мақтан ететін боламын". 

tal9

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөзді есте ұстаған бүгінгі жастар, бұл игі істің келер ұрпақ үшін зор маңызы барын біледі. Табиғатты аялау – басты борышымыз. Ұстаздар ұстаханасының бүгінгі шарасы, жастарға жан-жақты тәрбие берудің тағы бір көрінісі деуге болады. 

30tal5

30tal6

 

30tal7

30tal8

">