Перейти к содержимому страницы.

«ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ: ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ МЕН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» Конференция 2021 жылдың 26 қарашасында КеАҚ «Павлодар педагогикалық университетінде» өтеді.

dif1  dif2 dif2

                        

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлікі

КеАҚ «Павлодар педагогикалық университеті»

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

КеАҚ «Павлодар педагогикалық университеті» Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Ертіс-Павлодар өңірінің тарихи мұрасы: Қимақ қағанатынан Қазақ хандығына дейін» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

 

 «ЕРТІС-ПАВЛОДАР ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ: ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫНАН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ДЕЙІН»

 

Конференция 2021 жылдың 26 қарашасында КеАҚ «Павлодар педагогикалық университетінде» өтеді.

 

Өткізу форматы: онлайн/оффлайн.

 

Конференция жұмысына қатысуға қоғам және саяси қайраткерлер, Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетел ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, аспиранттар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференцияның мақсаты –  Ертіс-Павлодар өңіріндегі Қимақ қағанаты мен Қазақ хандығының тарихи мұрасын зерттеу.

Міндеттер:

-            түркітанудың өзекті мәселелерін әзірлеуде тәжірибе алмасу;

-            көшпелілердің материалдық және рухани мәдениетін зерттеу мәселелерін талқылау;

-            Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру идеяларын насихаттау;

-            білім беру жүйесінің әр түрлі буындарындағы гуманитарлық пәндер оқытушыларының ғылыми-әдістемелік және практикалық жұмыстарын дамыту және жетілдіру;

-            «Кимақ мемлекеті», Жошы ұлысы және Қазақ хандығының археологиялық мұрасын зерттеуді қорытындылау.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

 

Конференция барысында келесі секциялар жұмыс істейді:

1) Түркологияның өзекті мәселелері;

2) Жошы ұлысы, Қазақ хандығы мен «Қимақ мемлекетінің» археологиялық мұрасын  зерттеудің нәтижелері мен перспективалары;

3) Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеті;

4) Мәңгіліқ Ел және Рухани жаңғыру: қазіргі жағдайы мен болашағы.

 

Конференцияға қатысу үшін өтінім және мақалар электронды түрде

мына мекенжай бойынша қабылданады:

 

 

Секция

Адрес

Отвественный

1

Түркологияның өзекті мәселелері

enlik.abeuova@mail.ru

Абеуова Е.К.

2

Жошы ұлысы, Қазақ хандығы мен «Қимақ мемлекетінің» археологиялық мұрасын  зерттеудің нәтижелері мен перспективалары

aidarkenovakarina@mail.ru

Айдаркенова К.Б.

3

Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеті

Arman.umarorov77@mail.ru

Умаров А.А.

 

4

Мәңгіліқ Ел және Рухани жаңғыру: қазіргі жағдайы мен болашағы

laura.askarova.1988@mail.ru

Аскарова Л.

 

 

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы алынбайды.

 

Қабылданған баяндамалар конференция материалдарының жинағы түрінде электронды форматта жарияланатын болады. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті жарияланым мәтінін редакциялауды көздемейді. Автор ұсынылған жарияланым бойынша ғылыми және зерттеу этикасының сақталуына жауапты.

БАЯНДАМАНЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ

          1) MS WORD редакторында көлемі 6 беттен аспайтын баяндама мәтіні (6.0 немесе 7.0). Жалпы көлемге иллюстрациялар, қосымшалар және дереккөздердің тізімі кіреді. Файлға төмендегідей атау беріледі: мысалы, "автордың аты-жөні (аты-жөнінің инициалдары, тегі)_мақаланың атауы";            

          2) Қаріп – Times New Roman; Кегль 14; жоларалық интервал – дара, жиектері: сол жағы – 3 см, қалған жақтары – 2 см. Абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады (қызыл жол 1,25 см). Оны бірнеше бос орындар мен табуляциялар көмегімен рәсімдеуге болмайды. Беттер нөмірленбейді;

          3) Беттің жоғарғы жағында бас әріптермен баяндаманың атауы (қою қаріппен), оның астында бос орын арқылы аты-жөнінің бас әріптері, тегі, жұмыс орны беріледі;

          4) Түйіндеме қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде курсивпен жазылады (100 сөзден артық емес);

5) Кілт сөздер (7-ден көп емес);

6) Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі мақала мәтінінің соңында көрсетіледі.

Мәтін ішіндегі сілтемелер тік жақшаға алынады [1, 43–45б.], егер сілтемеде бірнеше дереккөзді көрсету қажет болса, олар жақшада нүктелі үтір арқылы беріледі: [2, 1-б.; 19, 10-12 бб.].

Иллюстрациялар (сапалы қара-ақ суреттер және кемінде 300 dpi кеңейтімі бар айқын фотосуреттер) жеке файлдармен ұсынылады (.jpg немесе .tif), оның атауында автордың тегі және сурет нөмірі көрсетіледі.

Мақала мәтінінде автор иллюстрацияны орналастыруды жоспарлаған жерде жазба беріледі, онда төмендегі мәліметтер қамтылуы керек:

Мәтінде иллюстрациялар мен қосымшаларға сілтемелер дөңгелек жақшада беріледі: (сурет 2), (1-қосымшаны қараңыз). Егер мақалада қосымшалар болса, онда олар нөмірленіп, аталуы керек. Қосымшаның соңында міндетті түрде дереккөздің деректемелері көрсетіледі. Егер мәтінде немесе дереккөздер мен әдебиеттер тізімінде қысқартулар болса, онда мақаланың соңында арнайы қысқартулар тізімінде олардың толық атауы берілуі керек.

 

Материалды рәсімдеу үлгісі

 

Автордың аты-жөні (аты-жөнінің инициалдары және тегі)

Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.

e-mail

 

«ҚЫПШАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ – ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ»

 

Түйіндеме. Мақала Қыпшақ хандығы мен Қазақ хандығының мемлекеттік дәстүрлерінің сабақтастығы мәселесіне арналған. Жұмыста ортағасырлық көшпенділердің мемлекеттілігінің ортақ және ерекше белгілері көрсетілген. Зерттелетін мәселелер бойынша тарихи деректерге талдау жасалады.

 

Кілт сөздер: Қыпшақ хандығы, Қазақ хандығы, көшпенді мемлекеттілік.

 

мәтін  мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін, мәтін [3, 47б.]. Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін: «Дәйексөз»

 

Әдебиет