Перейти к содержимому страницы.

2020-2021 оқу жылының 2-шi семестрінде оқу үрдісінің ұйымдастырылуы

Көктемгі семестрде оқу процесін ұйымдастыру және оқыту форматы туралы ақпарат

  1. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі бойынша көктемгі семестрде университеттіміздің 1 курс студенттерінің оқу үрдісі аралас оқыту форматында болады (дәрістер - онлайн, санитарлық режим және 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар - күндізгі форматта).
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әдістемелік ұсынымдарына және СЭР талабтарына сәйкес университетіміздің көктемгі семестрде оқу үрдісін ұйымдастыру және дайындық жұмыстары жүргізілуде.
  3. 1-курс студенттерінің оқу үрдісі академиялық күнтізбеге сәйкес 2021 жылдың 01 ақпанында аралас оқыту форматында басталады.
  4. Университетіміздің академиялық саясаты мен күнтізбелік жоспарына сәйкес 2-3-курстарда оқу үрдісі қашықтықтан оқыту форматында жалғасады. («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасынан басқа).
  5. 4-курста оқу үрдісі қашықтықтан оқыту форматында жүзеге асырылады. (дипломалды және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу).
  6. Магистранттар мен докторанттардың теориялық оқуын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қорытынды аттестаттауды жүзеге асыру қашықтық форматта болады.
  7. 1-курс студенттерінің өтініштері бойынша ЖОО-дың жатақханаларына орналастырылады.
  8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әдістемелік ұсынымдарына және СЭР талабтарына сәйкес оқу үрдісінде болатын үзіліс кестесі әзірленіп бекітілді.
  9. СЭР талабына сәйкес білім алушылардың сабақ кестесі құрастырылып, семестрдің басталуына дейін «Platonus» ААЖ-не жүктеледі. Сабақтар екі ауысым бойынша оқытылады. Сабақтың ұзақтығы 40 минут. Сабақтар арасындағы үзіліс ұзақтығы 20 минут. Сонымен қатар бірінші ауысымда 3-ші сабақтан кейін 40 минуттық үзіліс, екінші ауысымда 2-ші сабақтан кейін 40 минуттық үзіліс қарастырылған.
  10. Білім алушылар көктемгі семестр пәндері бойынша оқу материялдармен (оқу контентімен) «Moodle» оқу платформасында таныса алады.
  11. Қашықтан оқыту форматында өтетін сабақтар Moodle, Platonus, Zoom, Webex және т.б. платформалары арқылы өткізіледі. «Platonus» мобильді нұсқасы бар.
  12. Қашықтан білім беру технологиясын жүзеге асыруда техникалық қолдауды университеттің инфрақұрылымы қамтамасыз етеді, оның ішінде ақпараттық ресурстар: «Platonus» ААЖ, «Moodle» ҚБЖ, Web «Ирбис» бірыңғай білім беру жүйесінде жүзеге асырылады.
  13. «Web-ИРБИС» АЖ кітапхана ресурстарына қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
  14. Кәсіптік практика білім беру ұйымдарында жұмыс бағдарламасына сәйкес қашықтан режимінде жүргізілетін болады.
  15. Оқу процесінде, сонымен қатар сабақ барысында студенттердің, оқытушылардың және басқа университет қызметкерлерінің аудиторияларда, бетперде кию міндетті. Бетпердесіз келген студенттер аудиторияларға жіберілмейді. 1,5 – 2 метр әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталыу қажет.
  16. ППУ ресми сайтында және білім алушылардың жеке кабинетінде қашықтан білім алу технологиясы бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Виртуалды Call орталығы жұмыс істейді.