Перейти к содержимому страницы.

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні

29.04.2021

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні. Атаулы мереке – Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдеріне ортақ, халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ-берекені насихаттайтын ерекше мейрам. Мемлекеттегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған бұл мереке 1995 жылдан бері тойланып келеді.  

Бұл күні республикамыздың түкпір-түкпірінде халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі. Әр түрлі этномәдени бірлестіктер жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіп, ән мен биден шашу шашады. Сондай мерекелік шаралардың бірі – Павлодар педагогикалық университетінде ұйымдастырылып өткізілді. Шараны өткізуге Жастар саясаты департаменті мен ППУ-дың кәсіподақ ұйымының демеушілігі мұрындық болды.  

1 mamyr3

1 mamyr4

1 mamyr5

1 mamyr6

1 mamyr7

ППУ тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Андрющенко Ольга Константиновна құттықтау сөз сөйлеп, білім ордасының ұстаздары мен студенттерін айтулы мерекемен құттықтады. Құттықтау рәсімінен кейін халықтар достығының ұлы мейрамы мерекелік концертке ұласты. Концерт барысында әр Жоғары мектептің атынан номерлер қойылып, түрлі ұлттар мен ұлыстардың ұлттық билері орындалып, әсем әндер шырқалды. Әрбір жоғары мектеп «Достық дастарханын» жайып, онда 12 ұлт тағамы көрмеге қойылды.

1 mamyr

Ольга Андрющенко, ППУ-дың тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорының міндетін атқарушы

1 мамыр – Қазақстанның халықтар достастығы күні. Бұл мерекенің тойлаудың мәні мен маңызы зор. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады. Олардың тату-тәтті өмір сүруі үшін бір-бірінің мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеп, сыйлай білуі керек. Бүгін студенттеріміз ұлт пен ұлыстардың әнін шырқап, биін билеп, бар өнерлерін көпшілікке танытып жатыр. Университет қабырғасында өткізілетін мұндай шараларды жиі ұйымдастыру – біздің басты мақсатымыз.   

60 жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырақ, ұстаздар ордасы талай ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіре отырып, саналы ұрпаққа сапалы білім мен жан-жақты тәрбие беруде.  Бұл ұлт келешегін тәрбиелейтін болашақ ұстаздар үшін аса қажет. Еліміздегі коронавирустық кеселдің алдын алу шектеулері болмаса, мұндай салтанатты шаралардың ел бірлігі мен көпшілік көрерменнің жайдары көңіл-күйіне әсер ететіні анық.   

1 mamyr6

1 mamyr7

1 mamyr2

 

 
">