Перейти к содержимому страницы.

Ғылыми семинар өткізілді

16.04.2021

Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым декадасы шеңберінде т.ғ.д., профессор Смайлова Нұргүл Темірғалиқызы «Ғылыми мақаланы қалай жазу керек» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға студенттер, ЖОО оқытушылары, Назарбаев Зияткерлік мектебінің және облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Нұргүл Темірғалиқызы ғылыми мақала жазудың тәртібі, ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар мен ұсыныстардың дұрыс рәсімделу алгоритмімен таныстырды. Семинар барысында қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Қатысушылар ғылыми мақала жазуда туындайтын сұрақтарға жауап алып, осындай семинар ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.

seminar

seminar2

seminar3

">