Перейти к содержимому страницы.

«ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ МЕКТЕП – МҰҒАЛІМ – ИННОВАЦИЯ»

22.02.2021

2021 жылдың 1-9 наурызы аралығында Павлодар педагогикалық университетінде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, жаңашыл педагог, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық ағарту ісінің және Қазақстанның халыққа білім беру ісінің үздігі Нұртазина Рафиқа Бекенқызының туғанына 100 жыл толуына арналған «Заманауи әлемдегі мектеп – мұғалім – инновация» атты Бірінші Халықаралық педагогикалық оқулары өтеді. 

Ғылыми іс-шараның ұйымдастырушылары: Павлодар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ресей халықтар достығы университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының Қазақстан қоғамдық бірлестігі (КАЗПРЯЛ), «ALTAIR» балалар кітабы академиясы, «Ресейлік жоғары оқу орындарының түлектері» Қазақстан қоғамдық бірлестігі мен «Дәуір және тұлға» ғылыми-ағартушылық жобасының қолдауымен өтеді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ЖОО ұстаздары және мектеп мұғалімдері қатысады.

Педагогикалық оқулар шеңберінде Ленин орденінің кавалері, «Құрмет» орденінің иегері, «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты, Қазақстанның көрнекті мұғалімі Р.Б.Нұртазинаның 100 жылдық мерейтойына арналып
1-2 наурызда Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және 3-9 наурыз аралығында «Мектеп пен университеттегі заманауи лингводидактика» атты біліктілікті арттыру курстары мен «Мейірімге толы сабақтар: Рақмет, құрметті шәкірттерім» атты республикалық эссе байқауы өтеді.

RN

">