Перейти к содержимому страницы.

Республикада топ жарды

08.04.2021

ППУ аға оқытушысы PhD докторы, психология магистрі Нұрымов Бауыржан Абылайұлын, Жоғары педагогика мектебінің студенті Пинчук Любовь Анатольевнаны, «Павлодар облысының Ямышев орта мектебі» ММ психология және педагогика пәні мұғалімін Қазақстан Республикасының Халықаралық білім және ғылым академиясы ұйымдастырған «Ақпараттық компьютерлік технологияны қолдана отырып жүргізген ең үздік сабақ» аталымы бойынша бірінші орын алуымен құттықтаймыз!  

Сараптау комиссиясы «Ақыл-ойы артта қалған және психикалық дамуы тежелген студенттердегі психомоторлық дағдыларды, сенсорлық процестерді түзету және дамыту бағдарламасы» атты әзірленген және тексерілген жұмысты жоғары бағалады.

Құттықтаймыз! Әріптестерімізге студенттермен бірлесіп жүргізетін зерттеу жұмыстарына шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Nurumov

Nurumov2

">