Перейти к содержимому страницы.

Көрнекті археолог ғалымның ашық дәрісі

      2021 жылғы 25 қарашада т.ғ.к., доцент, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қ. Ақышев атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Қалымжанқызы Хабдулина Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін ашық дәріс өткізді.

      Дәріс барысында Қазақстандағы археология тарихы, кезеңдестіру ерекшеліктері, археология ғылымының қазіргі жағдайы және оның даму перспективалары қарастырылды. Бозоқ қалашығындағы қазба жұмыстары және табылған бірегей артефактілер аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Бүгінде Бозоқ қалашығы республикалық маңызы бар мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие. Бозоқ қаласын алғаш ашқан академик К. Ақышевтың ізін жалғастырушы М. Хабдуллина Елордамыздың  ежелгі бастауында болған Бозоқ қаласының ашылу тарихы және топографиялық ерекшеліктеріне де ерекше тоқатылып өтті.

      Қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық ескерткіштер, сонымен қатар, одан кейінгі кезекте жүргізілетін зертханалық зерттеулердің нәтижелері археологияда негіз болып табылады және тарихи реконструкцияға мүмкіндік береді.

 

Авторы: А.М. Садыкова, «Тарих» ББ

Автор: Садыкова А.М., ОП «История»