Перейти к содержимому страницы.

«География» және «Химия» білім бағдарламалары

Қазіргі уақытта алты білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады: «Химия», «Химия IP», «Химия-Биология», «География», «География IP», «География-Тарих». «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар даярланады.

Білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты – жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыра алатын жоғары білікті мұғалім даярлау.

«География IP», «География», «География-Тарих» білім беру бағдарламалары аясында келесі арнайы пәндер оқытылады: жалпы жертану, геоинформатика негіздерімен картография, физикалық география, географиялық зерттеу әдістері, географияны оқыту әдістемесі, елтану, экономикалық география және басқа да пәндер.

«Химия IP», «Химия», «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары аясында келесі арнайы пәндер оқытылады: химиялық құрылым және функциялар, периодтық жүйе элементтерінің химиясы, химиялық аналитика және диагностика, химиядан есептер шығару, мектептегі химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі, химиялық технология және басқа да пәндер.

Оқытылатын барлық пәндер химия, география, биология, жаратылыстану және тарих пәндері бойынша мектеп бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен сабақтасып, білікті және заманауи мұғалім даярлауға бағытталған.

Білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттері халықаралық, өңірлік және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады. Олардың қатарында:

  • «География ғылымы, туризм және білім беру: қазіргі мәселелер мен даму перспективалары» атты VII Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция, Новосибирск қ.;
  • «Білім беру кеңістігіндегі инновациялар: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» конференциясы, Красноярск қ.;
  • Ғалым-педагог Зауреш Убайдулловна Имжарованың 60 жылдығына арналған «Педагогикалық инновациялар: қазіргі білім беру жүйесін дамытудың ресурсы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
  • «Жаһандану жағдайындағы ғылым мен білімнің даму үрдістері мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Переяслав-Хмельницкий қ., Украина;
  • «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
  • «Ертіс бассейні: қазіргі жағдайы және тұрақты даму мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
  • «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы жаратылыстану-ғылыми білімнің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
  • «Аумақты ұйымдастыру: статистика, динамика, басқару» атты халықаралық қатысумен өткен XVI Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция;
  • «Экология және табиғатты пайдалану: қолданбалы аспектілер» атты IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция;
  • Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XVIII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
  • «Қазіргі географиялық білім беру: мәселелері мен даму перспективалары» атты VI Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция;
  • «Беларусь Республикасы мен шектес мемлекеттердің тұрақты даму тұжырымдамасындағы Жер туралы ғылымдардың өзекті мәселелері» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Гомель қ., Беларусь.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесі кәсіби, ғылыми және әлеуметтік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан жеке және ұжымдық түрде шеше алатын, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін практикалық қызметінде қолдануға қабілетті білікті мамандар даярлаудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Білім беру бағдарламалары аясындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары арнайы жоспарға сәйкес төменгі курстардан бастап жүргізіледі. Жоғары курстарда студенттерге өз қабілеттерін жеке түрде көрсетуге, ғылыми жобаларға қатысуға және ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасауға мүмкіндік беріледі.

Білім беру бағдарламалары қызметінің басым бағыттарының бірі – жақын және алыс шетелдердің ұйымдары мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.

Білім беру бағдарламалары аясында келесі ұйымдармен ынтымақтастық орнатылған:

  • химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
  • М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы, Уфа қ.);
  • Крагуевац университеті (Сербия, Крагуевац қ.);
  • Шәкәрім атындағы университет, Семей қ.
  • Торайғыров университеті, Павлодар қ.;
  • Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті;
  • Павлодар қаласы мен облысының жалпы білім беретін мектептері.

Білім беру бағдарламаларының түлектері келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

  • меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі және түрдегі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында.