«IQ-games: ХХ ғасырдағы Қазақстан»
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия интернаты қабырғасында Павлодар педагогикалық университетінің "Тарих" білім беру бағдарламасының докторанты Наурызбай Қаршығанов "IQ-games: ХХ ғасырдағы Қазақстан" атты зияткерлік ойынын ұйымдастырып, өткізді.
Зияткерлік додаға аталмыш мектептің 9 және 10 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Әр сынып өзінің 5 адамнан тұратын командасын ұсынып, олар ұсынылған тарихи мәселелерді шешуде өздерінің терең білімі мен сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Зияткерлік дода ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы және басқа да тақырыптар бойынша қызықты сұрақтармен қамтылған үш кезеңнен тұрды.
Әр команда өзінің жоғары білім деңгейін көрсетті. Алайда кез келген ойынның өз жеңімпазы анықталуы шарт. 9 "Ә" сынып оқушыларынан құралған команда терең білім, эрудицияның тамаша деңгейін және логикалық ойлау дағдыларын көрсетіп, топ жарды. Қатысушыларға ризашылығымызды білдіріп, жеңімпаздарға «Жарайсыздар!» дейміз.
@altynsarin_gymnasium