Перейти к содержимому страницы.

Академиялық артықшылықты зерттеу орталығы

Академиялық артықшылықты  зерттеу орталығы «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» ҚеАҚ жанынан құрылған ғылыми зерттеу және ғылыми-білім беру құрылымы. Орталық зерттеу және академиялық артықшылығы бағдарламасы аясында құрылып, ғылымды, білім беруді және технологияларды дамытуға бағытталған.

Академиялық артықшылық бағдарламасы мен ААО-ның мақсаттар мен міндеттері

Академиялық артықшылық бағдарламасының мақсаттары:

1)  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын және ЖЖОКБҰ бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

2)  ЖЖОКБҰ білім беру және ғылыми әлеуетін нығайту;

3)  ЖЖОКБҰ-ның институционалдық әлеуетін арттыру және институционалдық мәдениетін дамыту;

Академиялық артықшылық бағдарламасының міндеттері:

1) ААО жобаларын тұжырымдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету;

2) ААО жобаларына сараптамалық және өзге де қолдауды қамтамасыз ету;

3)ААО индикаторлары мен көрсеткіштерінің  мониторингі.

ААО-ның мақсаттары:

1)    білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

2)  ғылыми зерттеулердің қарқындылығын, тиімділігін және нәтижелілігін қамтамасыз ету;

3)  институционалдық әлеуетті нығайту.

ААО-ның міндеттері:

1)  білім беру және ғылыми қызметті интернационалдандыру;

2)  менеджмент пен профессор-оқытушылық құрамның (бұдан әрі ПОҚ) әлеуетін нығайту;

3)  ынтымақтастықты өңірлік кәсіпорындармен және ұйымдармен дамыту.

         Академиялық артықшылықты зерттеу орталығында ЖТН BR28712263 «Қазақстанда дарынды балаларды дамыту үшін педагогикалық кадрларды даярлаудың кешенді ғылыми-инновациялық жүйесін құру» мегагрантының іске асырылуы аясында  4 зертхана жұмыс жасауда.

Басшылық және байланыс

Орталық басшысы: б.ғ.к., профессор Оспанова Айнагүл Кенжешовна

Телефон: 87014410096

E-mail: ospanovaak@ppu.edu.kz