2020-2021 оқу жылының 2-шi семестрінде оқу үрдісінің ұйымдастырылуы
Көктемгі семестрде оқу процесін ұйымдастыру және оқыту форматы туралы ақпарат
- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі бойынша көктемгі семестрде университеттіміздің 1 курс студенттерінің оқу үрдісі аралас оқыту форматында болады (дәрістер - онлайн, санитарлық режим және 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар - күндізгі форматта).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әдістемелік ұсынымдарына және СЭР талабтарына сәйкес университетіміздің көктемгі семестрде оқу үрдісін ұйымдастыру және дайындық жұмыстары жүргізілуде.
- 1-курс студенттерінің оқу үрдісі академиялық күнтізбеге сәйкес 2021 жылдың 01 ақпанында аралас оқыту форматында басталады.
- Университетіміздің академиялық саясаты мен күнтізбелік жоспарына сәйкес 2-3-курстарда оқу үрдісі қашықтықтан оқыту форматында жалғасады. («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасынан басқа).
- 4-курста оқу үрдісі қашықтықтан оқыту форматында жүзеге асырылады. (дипломалды және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу).
- Магистранттар мен докторанттардың теориялық оқуын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қорытынды аттестаттауды жүзеге асыру қашықтық форматта болады.
- 1-курс студенттерінің өтініштері бойынша ЖОО-дың жатақханаларына орналастырылады.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әдістемелік ұсынымдарына және СЭР талабтарына сәйкес оқу үрдісінде болатын үзіліс кестесі әзірленіп бекітілді.
- СЭР талабына сәйкес білім алушылардың сабақ кестесі құрастырылып, семестрдің басталуына дейін «Platonus» ААЖ-не жүктеледі. Сабақтар екі ауысым бойынша оқытылады. Сабақтың ұзақтығы 40 минут. Сабақтар арасындағы үзіліс ұзақтығы 20 минут. Сонымен қатар бірінші ауысымда 3-ші сабақтан кейін 40 минуттық үзіліс, екінші ауысымда 2-ші сабақтан кейін 40 минуттық үзіліс қарастырылған.
- Білім алушылар көктемгі семестр пәндері бойынша оқу материялдармен (оқу контентімен) «Moodle» оқу платформасында таныса алады.
- Қашықтан оқыту форматында өтетін сабақтар Moodle, Platonus, Zoom, Webex және т.б. платформалары арқылы өткізіледі. «Platonus» мобильді нұсқасы бар.
- Қашықтан білім беру технологиясын жүзеге асыруда техникалық қолдауды университеттің инфрақұрылымы қамтамасыз етеді, оның ішінде ақпараттық ресурстар: «Platonus» ААЖ, «Moodle» ҚБЖ, Web «Ирбис» бірыңғай білім беру жүйесінде жүзеге асырылады.
- «Web-ИРБИС» АЖ кітапхана ресурстарына қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
- Кәсіптік практика білім беру ұйымдарында жұмыс бағдарламасына сәйкес қашықтан режимінде жүргізілетін болады.
- Оқу процесінде, сонымен қатар сабақ барысында студенттердің, оқытушылардың және басқа университет қызметкерлерінің аудиторияларда, бетперде кию міндетті. Бетпердесіз келген студенттер аудиторияларға жіберілмейді. 1,5 – 2 метр әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталыу қажет.
- ППУ ресми сайтында және білім алушылардың жеке кабинетінде қашықтан білім алу технологиясы бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Виртуалды Call орталығы жұмыс істейді.