Расширения Joomla 3

Құрметті абитуриенттер!

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы сіздерді 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығына оқуға түсуге шақырады. Біздің кафедраның түлектері 100% жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олар жұыс істей алатын мекемелер:

-         Мектепалды мекемелер;

-         Жалпы білім беру мектептері;

-         Мәдени-сауықтыру орталықтары;

-         Музыкалық студиялар, және т.б.

Біздің мамандыққа түсуге үміткерлердің назарына: абитуриенттер 2 емтихан тапсырады: 1- ән айту (немесе қалаған музыкалықаспапта орындау) және музыкалық есту қабілетін тексеру; 2-Педагогика және психология негізі (тест). Одан басқа ҰБТ сертификатының 2 пәнінің балы саналады: оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихы.

Бұл шектік балл (50 балл) алмаған түлектерге ЖОО-на түсуге тамаша мүмкіншілік береді.

Құжаттар 2016 жылдың 20-шы маусымына дейін қабылданады.

Құжаттар тізімі:

  1. Жеке куәлік + 2 көшірмесі;
  2. Орта білімі туралы аттестат;
  3. ҰБТ сертификаты;
  4. Медициналық анықтама086У нысаны + рентгенге түсірілген сурет;
  5. 6 фотосурет (3*4)
  6. Байлауышты папка + конверт (құжаттарды сақтау үшін)

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60 үй.

Бізбен mkafiedra@bk.ruпоштасына хабарласуларыңызға болады.

Байланыс телефондар: 8705 152 95 67; 87758636107.

Мы

Адрес: г. Павлодар, ПГПИ, ул. Торайгырова, 58, ауд. 501в

 

Телефон: 65-16-17.

E-mail: ril_PGPI@mail.ru

 

Войти