Статьи и обзоры nachodki.ru

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті мен ТОО "КазАрхеология" арасында жасалған шаруашылық келісімшарт негізінде, 15 тамыз бен 19 қыркүйік аралығында Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясының оқытушысы Нуртаев Ж.Н. МТ-31 студенттерімен (Бірінбай Д., Арапбаев Ж., Алаудин Б.) Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында сақ-үйсін кезеңіне жататын бірнеше қорымдарда қазба жұмыстарын жүргізді. Talgar 1

Talgar 2

Talgar 3

Тарих

Марксизм-ленинизм кафедрасы өз жұмысын бастаған шақта, 1962 жылы Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасының тарихы қалыптаса бастады. Кафедра бастауында К.Р.Рахимбердинов, В.И.Грошев, А.А.Рояк, С.Я.Улицкий, Б.А.Кучеров, А.И.Грицков, М.И.Блох сынды оқытушылар тұрды. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.И.Буранкулов кафедра меңгерушісі болды. 1967 жылдан бастап К.Р.Рахимбердинов кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

         1991 жылы кафедра атауы саяси тарих пен әлеуметтану атауына ауысып, оны тарих ғылымдарының кандидаты Б.А.Куватов басқарды. 1992 жылы Қазақстан тарихы, әлеуметтану және саяси тарих кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты М.А.Сулейменов басқарды.

         1994-2006 жылдар аралығында құрамына Павлодар Мемлекеттік институты кірген С.Торайғыров атындағы ПМУ аясында кафедра өз қызметін жалғастырды.      

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы №128 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жеке республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта құру туралы» Қаулысына сәйкес 2004 жылғы сәуірде Павлодар мемлекеттік институты дербес ЖОО болып бөлінді және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты деп атала бастады. Институтта құрамына көне және ортағасырлық тарих (меңгерушісі – т.ғ.к И.Р.Халитова), жаңа және қазіргі заман тарихы кафедралары (меңгеруші – т.ғ.к Б.К.Косаяков) кірген тарих, экономика және құқық факультеті құрылды. Факультет деканы болып т.ғ.к Б.Н.Абдрахманов тағайындалды. 2004-2005 оқу жылдарында «Тарих» мамандығы бойынша студенттерді қабылдау басталды.

Кафедрада 050203 «Тарих», 050114 «Мектептегі тарих» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарды дайындау жұмысы жүріп жатты.

         2006 жылы қазанда оқу үдерісінің тиімділігі мақсатында көне және ортағасырлық тарих, жаңа және қазіргі заман тарихы кафедралары т.ғ.к И.Р.Халитов басқарған Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасына біріктірілді.2014-2015 оқу жылы кафедра меңгерушісінің міндетін т.ғ.к., доцент З.А.Сабданбекова атқарды.

         Бүгінгі таңда кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент А.Е.Каримова.

Мы

Кафедра истории и Ассамблеи народа Казахстана
Адрес: г. Павлодар, ул. Торайгырова 58, ауд. 301а
Телефон: 8 (718-2) 65-16-42

Вход