Перейти к содержимому страницы.

Марғұлан университетінде дәстүрлі хакатон «KuickHack’24» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

04.05.2024

Осы аптаның басында Марғұлан университетінде «KuickHack’24» конкурсы басталып, бүгін финалдық кезеңі мен марапаттау салтанаты өтті.

Биыл жастардың жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыру, жасанды интеллект технологияларын меңгеру деңгейін көтеру бағытында өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастыырлған профессор, PhD докторы Дария Абыкенованың айтуынша, конкурсқа қатысуға Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Тараз,Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Семей, Петропавл және Павлодар қалаларынан 70-тен астам өтінім түскен. Бірінші күні олар конкурс тапсырмаларын алып, талаптарымен танысты. Сонымен қатар, IT саласының білікті мамандары түрлі тақырыпта дәріс оқып, өз білім және тәжірибелерімен бөлісті.

- Қатысушылар әртүрлі тақырыпта тапсырмаларды орындады. Мысалы, құжаттардың түпнұсқалығын тану жүйесін әзірлеу; әртүрлі файлдардың түпнұсқалығын, яғни плагиаттың жоқтығын тексеретін жүйе; «қаржылық көмекші» нысанындағы қосымша; жүргізушінің әрекетін автоматты түрде бақылайтын логистикалық компанияға арналған жүйе. Ең танымал тапсырма әлеуметтік желідегі қажетсіз мазмұнды тану және блоктау жүйесін әзірлеу болды, дейді Дария Абыкенова.