Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

10.05.2024

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері – Сара Смит ЭЛС, ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Ольга Патерова, Қазақстан Республикасындағы Америка бұрыштарының үйлестірушісі Зарина Каримова келді.
Естеріңізге салар болсақ, 2023 жылдың 7 қыркүйегінен бастап "Шетел тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасына АҚШ-тан келген оқытушы Гада Рахман жұмысқа қабылданған, ол шет тілі бойынша 2-3 курс студенттеріне сабақ береді. Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы
облыстық кітапхана жанындағы Speaking Club-та сабақ жүргізеді.
Қонақтар алдымен Марғұлан университеті ректорының м.а., ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Б.С.Есенгелдинмен кездесті. Кездесу барысында Елшілік өкілдері ППУ-ның американдық университеттермен ынтымақтастығына, АҚШ-тан келген ше тілі мұғалімдерінің
алдағы жұмысы туралы талқылады.
Бауыржан Сатыбалдинұлы елшілік өкілдеріне Гада Рахманның ұстаз ретінде ғана емес, университте өткен конференциялар мен дөңгелек үстелдердің белсенді қатысушысы екенін атап, еңбегіне ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Сара Смит Марғұлан университеті басшылығына екі жақты ынтымақтастық пен мұғалімдердің жұмыс істеуіне жасалған қолайлы жағдай үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, елшілік өкілдері гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы А.Е.Каримовамен 
және "Шет тілі: екі шет тілі" БББ профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында Сара оқытушыларды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұсынатын жаңа ресурстармен және жаңа бағдарламалармен таныстырды.