Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

10.05.2024

Көрнекті ғалым, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығы қарсаңында студенттер арасында «Ғұлама ғұмыр» атты ректор кубогіне арналған  «AQIQAT CUPXIIІ» Республикалық пікісайыс турнирі өтті. Пікірсайысқа еліміздің 12 жоғары оқу орнына шақыру хаты жолданып, Семей, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Өскемен, Астана, Екібастұз, Қостанай, Көкшетау қалаларынан 64 студент қатысты. Олар жалпы 32 фракция болып ойын көрсетті. Төрешілер қатысушыларды Республикалық пікірсайыс ережесіне сай бағалап, Әділет саясаты турнирдің әділетті өтуін қадағалады.

НЕГІЗГІ АЛАҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
1 орын-200 000 теңге ақшалай сыйлық
«Бентам» фракциясы (Астана/Семей қалалары)
Күздеубаев Нұртас
Қадырғазыев Нұрсұлтан

2-орын: 100000 теңге ақшалай сыйлық
«Фатих» фракциясы (Қарағанды қаласы)
Тұңғышбек Арман
Отырсын Бақдаулет

3-орын: 70000 теңге ақшалай сыйлық
«Ақиқат жүрегімде» фракциясы ( Семей/Павлодар қалалары)
Ералы Нұрхан
Исахан Нұрбақыт

финалист: 30000 теңге ақшалай сыйлық
«Әділеттілік деген не?» фракциясы (Астана қаласы)
Мухитжан Ролан
Муслим Елдос

«Жастар финалисті» номинациясы теңге ақшалай сыйлық
(Қарағанды қаласы)
Инсомния:
Кенжеғали Нұрасыл
Молдағали Сымбат

«Уздык торешы» - 20000 теңге ақшалай сыйлық
Абдіхадир Гүлзат

Үздік спикер - 30000 теңге ақшалай сыйлық
Астана қаласы
Исахан Нұрбақыт