Перейти к содержимому страницы.

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАНЫМЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

03.05.2024

Бүгін филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы оқытушылар мен студенттер алдында «Ахмет Байтұрсынұлы танымындағы тіл білімі мәселелері» тақырыбында
дәріс оқыды. Танымдық кездесу Марғұлан университетінде жарияланған ғылым айлығы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар Алаш көсемі, ұлт ұстазы, ақын, әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлы хақында айтылған тарихи деректерге қанық болып, мол мағлұмат алды.
- Ахмет Байтұрсынұлы біз сияқты үлкен оқу орындарда білім алған жоқ. Небары алты жылдық ғана білім алған. Бірақ оның әр жылында үш жылдық білімі бар. Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлын кім оятты деген сұрақ туындайды. Үлкен ізденіс үстінде жүрген кезінде ол Алекторов туралы естіп, арнайы іздеп барып жолығады. Алекторов деген кісі қазақтың салт-дәстүрі, өнері, этнографиясы саласында үлкен еңбек қалдырған адам. Менің ойымша Ахметтің жүрегінде шел болып қатқан дүниенің оянуына осы жағдай себеп болған сияқты. Яғни, менің салт-дәстүрімді, менің этнографиямды неге басқа ұлт зерттеуі керек деген намыс болса керек, - дейді Бекен Сағындықұлы.
Дәріске Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті оқытушылары онлайн форматта қатысты. Кездесудің соңы сұрақ жауап пен ашық пікір алмасуға ұласты. Сонымен қатар, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінен А.К.Оспанова, А.К.Сүлейменова, Ә.Д. Амренов, М.И.Оразхановалар сөз сөйлеп, осындай мағыналы да мазмұнды дәріс өткізген профессорға алғысын білдірді.