Перейти к содержимому страницы.

«АКАДЕМИК ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ»

03.05.2024

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада көрнекті ғалым-геолог, Қазақтың тұңғыш академигі және Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Академик Қаныш Сәтбаев және Қазақстанның тарих ғылымы" атты көпшілік дәріс өтті. Дәрісті жүргізген - т.ғ. к., гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Нұркен Күзенбаев.

Ол академиктің ғылыми мұрасы, гуманитарлық саладағы тарихи-мәдени шығармашылығы, Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі және отандық тарих ғылымының қалыптасуы туралы айтып берді.

Дәріске «Тарих» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері, А.Байтұрсынов атындағы №34 жалпы орта мектебінің оқушылары өз ұстазы С. Еркешпен бірге қатысты. Сонымен қатар, іс-шарада «Есімі ел есінде» атты кітап көрмесі қойылып, әдебиетке шолу жасалды.